Кәсіпкер қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкер қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айырылды

05.08.2014
Кәсіпкер қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айырылды

2014 жылғы 4 тамызда  Батыс Қазақстан облысының Зеленов аудандық №2 сотында Қылмыстық Кодексінің 325б. 1б., 325б. 3б., 228б., 278 бабымен  өкілеттігін теріс пайдаланып, жалған құжаттар дайындап, экологиялық талаптарды бұзды деген айыппен қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды.

Алдын ала тергеу органдарымен анықтаған мәлімет бойынша, Н.С.Машанов  мұнай кен орындарындағы бұрғылау қалдықтарын тасымалдаумен және жоюмен айналысатын «Батыс-Табиғат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқара жүріп, кәсіпорынның қалдықтарды жоюға арналған полигонының болмауына қарамастан,  жалған құжаттар ұсынып, өндіріс қалдықтарын шығаруға және орналастыруға арналған Федоров блогындағы тендерлік конкурсқа қатысуға өтінішін тапсырған.

Сондай-ақ, келісімшартсыз жүк көлігінің жүргізушілерін жалдап, Кирсанов ауылынан 4-6 шақырым жердегі Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының ауыл шаруашылығына арналған жерлеріне бұрғылау қалдықтарын шығарып, төккен.

Зеленов аудандық №2 сотының үкімімен Н.Машановқа өкілеттігін теріс пайдаланып, экологиялық талаптарды бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал, ҚР ҚК-нің 325б. 1б. айыпталу эпизоды бойынша кінәсінің дәлелденбегеніне байланысты ақталды, ҚР ҚК-нің 325б. 3б. айыпталу эпизоды бойынша ҚР ҚК-нің 69 бабына сай мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Сот сотталушыдан мемлекет пайдасына 119 343 680 теңге көлемінде шығын өндіру туралы үкім етті. 

 

Хабарламаларға жазылу