«Достық – Мойынты»: Екінші желіден 13 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды
«Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі арқылы мыңдаған вагондармен миллиондаған тонна жүк тасымалданып жатыр. Бұл жоба Қазақстанның көлік-логистика жүйесінің дамуына, оның тиімділігін нығайтуға айрықша серпін бермек. Мемлекет басшысы екі апта бұрын ғана ашқан «Достық – Мойынты» бағытын тілшіміз көріп қайтты.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Біз қазір «Достық-Мойынты» теміржолының бойында тұрмыз. Бұл Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі жол құрылысы. Бұл жерде тәулігіне осындай 800-ге жуық вагон жүк қабылданады. Достықтың өзінде осындай 5 терминал жұмыс істейді. Қазіргі таңда Достық жай ғана станция емес, стратегиялық маңыздылықтың белгісіне айналды. Ол Еуропа мен Азияның ірі нарықтарын біріктіретін шойын жолдың күре тамыры.
«Достық – Мойынты» учаскесінде екінші желі іске қосылғаннан бері 13 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды. Қазір пойыздар қалыпты режимде жүріп жатыр, әр жолмен тәулігіне орта есеппен 20 пойыздан өтеді.
Бауыржан Оспанов, Жүк тасымалымен айналысатын кәсіпкер:
Қазіргіге қарағанда аз болатын. Өйткені жалғыз жол болды. Қазір екі жол, бір жолмен тиелген жүк кетіп жатса, екінші жолмен бос вагондар келіп жатады. Экспорт келіп жатады. Соның арқасында жүк тасымалы көбейіп жатыр.
«Достық-Мойынты» бағытындағы темір жолды салу кезінде 100 пайыз отандық өнім қолданылған. Бұдан бөлек, құрылысқа 5 мыңға жуық қазақстандық компания жұмылдырылған. Ең бастысы жоба жоспарланған уақытынан бұрын аяқталып, іске қосылды.
Александр Ким «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Ірі жобаларды іске асыру дирекциясы» филиалы директорының орынбасары:
Теміржолдың құрылысы барысында, яғни 836 шақырым жол салынып, 32 бекет жаңғыртылып іске қосылды. Соның арқасында мың жарымнан аса жаңа жұмыс орны ашылды.
Қазақстан темір жолы тұтас ел бойынша 125 теміржол вокзалын жаңартып жатыр. Достық-Мойынты бағытында да жаңа бекеттер салынып, салаға цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізілуде.
Темеш Асылбек, Станциялық қадағалу орталығының кезекшісі:
Біздің күнделікті жұымысымыз - Қытай бағытына пойыздарды жіберіп, қабылдау және Бескөл бағытына пойыз жіберіп, қабылдау. Ашылып жатқан сигналдар, жарқ-жұрқ етіп, кетіп жатқан маршруттарымыз, ауысқалы бері осылай өзімізге қолайлы, осылай жұмыс жасап жатырмыз.
Нұрлыбек Бекжанов, «Integra Construction KZ» ЖШС – «Достық–Мойынты екінші жолдарын салу дирекциясы» филиалының атқарушы директоры:
Бұрынғы кезде табло дейді, алыс қашықтықтарда темірмен жай ғана жарықтар жанып тұратын. Қазір бәрі компьютерде, барлық қозғалыс көрініп тұр. Бұл қарапайым шатысудан қорғайды, бүкіл операциялар жазылып отырады.
Қазақстан арқылы 5 теміржол дәлізі өтеді.
Солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты жалғап тұрмыз. Сондықтан, елдер арасындағы алыс-беріс –
біздің табыстың тетігі. Соңғы он жылда осы салаға шамамен 35 миллиард доллар
инвестиция салынып, «Достық-Мойынты» сияқты
ірі бобалар іске асты. Бұдан бөлек, елімізде әлі де 5 мың шақырым теміржол салу
жоспарланып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
