Басты Жаңалықтар Семейде сайлаушылардың дауысы есептеліп жатыр

Семейде сайлаушылардың дауысы есептеліп жатыр

Семей – Қазақстандағы тұңғыш рет қала әкімі сайланған шаһар ретінде тарихта қалды. Бұл – елдегі саяси реформалар мен трансформацияның маңызды кезеңі, - дейді мамандар. Үміткерлердің қайсына басым дауыс берілгенін аумақтық сайлау комиссиясы санап жатыр. Сонымен Семейдегі сайлау қалай өтті? Меншітікті тілшіміз тарқатып айтады.

Саяси науқанды талапқа сай өткізу үшін аумақтық комиссия айлап дайындық жүргізді. Арнайы мамандар оқыту курстары мен семинарларда білімдерін шыңдады. Таңғы жетіден кешкі 20:00-ге дейін ашық болған сайлау учаскелерінде бір де бір заң бұзу деректері тіркелмеген.

Қала аумағында барлығы 129 сайлау комиссиясы жұмыс істеді. Оның ішінде 110 ашық сайлау учаскесі, 18-і жабық түрде болды.Сайлаушылардың жалпы саны 220761 адам. Облыс орталығының тұрғындары әкім атанған үміткер шаһардың қордаланған мәселелерін ретке келтірсе-дейді.

Қала әкіміне үміткер ретінде бастапқыда 4 адам тіркелді. Кейін біреуі өз еркімен додаға аз күн қалғанда сайлаудан бас тартты. Қалған үш үміткер өзін-өзі ұсынғандар. Әділет Қожанбаев осыған дейін аудан әкімі қызметін атқарса, Айболат Бекжасаров - ресми жұмыссыз. Қаныш Төлеуов - қаладағы колледждердің бірінде директор. Қазір олардың қайсысы басым дауыс жинағандығын аумақтық сайлау комиссиясы есептеп жатыр.

Гүлжан Қуанышева, Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы:

Таңғы сағат 7:00-ден 20:00 аралығында қала халқы, қала тұрғындары өздерінің құқықтарын сақтай отырып, белсенді түрде сайлауға қатысып дауыстарын берді. Сондай-ақ 128 сайлау учаскесінде 922 адам жұмыс істеді. Ешқандай заңбұзушылықтар болмай, дұрыс өтті. Сайладың нәтижесі сайлау өткеннен кейінгі үш күнде белгілі болады.

Семейліктердің сайлауда бір ауыздан белсенділік танытуы азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Алғаш болып әкім сайлауын өткізу Қазақстанның құқықтық, азаматтық қоғам ретінде қалыптасу жолындағы маңызды белес-дейді сарапшылар.


Бөлісу