«Барыс» келесі кезеңге өте алмады | Қазақстан жаңалықтары | «Қазақстан» РТРК АҚ

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінің екінші раундынан аса алмады. Елордалық ұжым уфалық «Салават Юлаевпен» өткізген алтыншы ойында жеңіліп қалды.
Уфада өткен матч 3:2 есебімен айдын иелерінің пайдасына шешілді. Ойынның төртінші минутында Иван Вишневский есеп ашып, «Салават Юлаевты» алға шығарды. Ал 13-ші минутта Константин Руденко мен Николай Антроповтың пасын ұтымды пайдаланған Евгений Блохин таразы басын теңестірді.
Үшінші кезеңде Игорь Мирнов айдын иелерін тағы да алға шығарды. Араға 9 минут салып Антон Слепышев есепті еселей түсті. Тек ойынның аяқталуына үш минут қалғанда Найджел Доус есеп айырмасын қысқартты. Әрі қарай «Барыс» хоккейшілері көзге түсе алмады.
Бұл - «Салават Юлаев» командасының төртінші жеңісі. Енді уфалықтар Шығыс конференцияның финалында Магнитогорск қаласының «Металлург» командасымен кездеседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42