Биылғы блогқұрылтай – Қарағандыда

23-24 наурыз күндері Қарағандыда «Блогқұрылтай-2014» атты блогшылар құрылтайы өтеді.
Осыған дейін Алматы, Астана, Шымкент қалаларында ұйымдастырылған құрылтай биыл «Саннан сапаға!» ұранымен өтпек.
Шараға негізінен IТ мамандары, блогшылар, жаңа медиа технологияларымен айналысатын мамандар, журналистер, студенттер, зерттеушілер қатысады. Олар тың жобаларымен бөлісіп, дайындаған бағдарламаларын ұсынады.
Блогқұрылтай аясында ҚР Тұңғыш Президентінің Теміртау қаласындағы мұражайына, Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарына арналған кешенге экскурсия жасалады.
Сонымен қатар, аталған құрылтайда «Ұйқыашар», «Селт еткізер» байқаулары өтеді. Бұл байқау блоггерлер арасында ұлттық дәстүрді насихаттауға бағытталған.
«Селт еткізер» - ұлттық тағамдар әзірлеуден қыздар арасындағы байқау, ал «Ұйқыашарда» қыздарға ұлттық нақыштағы сыйлық әзірлеуден жігіттер сайысқа түспек.
«Блогқұрылтай-2014» қорытындысы бойынша үздік шыққан блогшыларға бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
18.10.2025, 17:16

Талдықорғанда Олимпиада чемпиондары жастармен кездесті
18.10.2025, 17:08
Мәскеуде «Парасат майданы» спектаклі сахналанды
18.10.2025, 17:06
25 Қазан - Республика күні
18.10.2025, 17:04
Ертең – Орманшылар күні
18.10.2025, 17:01
Абай облысында үш жылда улы газдан қорғайтын 15 мың құрылғы тегін орнатылған
18.10.2025, 16:58
«Самұрық-Қазына» қоры бір миллион ағаш отырғызу бастамасын жалғастыруда
18.10.2025, 16:53
Каспий теңізінің тағдырына алаңдаған белсенділер дабыл қақты
18.10.2025, 16:50