Бағаны қатаң реттеу бекітіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағаны қатаң реттеу бекітіледі

14.02.2014
Бағаны қатаң реттеу бекітіледі
  Жанар-жағармай материалдарына қатысты қатаң мониторинг жүргізу және бағаны реттеу ісі бекітіледі. Бұл туралы бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мәлім етті.
 
Ұлттық валюта бағамының өзгеруі жағдайында Үкімет облыс әкімдерімен бірлесе халықтың әлеуметтік ахуалына теңге бағамы өзгеруінің ықпалын төмендету мен отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шараларды қабылдап жатқандығына тоқталған С.Ахметов: «Азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында Үкімет тарапынан 2014 жылға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қатысты бөлшек бағаның шекті мөлшері бекітіледі», - деді.
 
Осы орайда Премьер-Министр әкімдерге өңірлік тұрақтандыру қорларының мүмкіндігін барынша пайдалану тапсырылғанын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу