«Сырғалым» эфирге шығады

Жақында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Сырғалым» атты жаңа отандық телехикая көрсетіле бастайды. Картинадағы оқиғалар желісі қарапайым қазақ отбасының күнделікті тыныс-тіршілігінен басталады.
Бір күні бұл шаңыраққа ауылдан отағасының жақын досының қызы келеді. Жанұяда тәрбиеленіп жатқан үш ұл алдымен қызды жақтырмай қарағанымен, кейін оқиға желісі басқа арнаға бұрылады.
Үлкен ұл ауыл қызына қамқорлық танытса, ортаншысы оған ғашық болады. Ал кенже ұл қызды отбасынан алыстатуды ойластырады.
Ауыл тәрбиесін көріп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындап өскен қыз бала қазақы болмысты ұмытуға шақ қалған қала тұрғындарының өміріне үлкен өзгеріс әкеледі. Аталмыш фильм әдемі қалжыңдар мен көрерменге ой салатын өмірлік оқиғалармен көмкерілген.
Ұзақтығы 42 минуттық 48 бөлімнен тұратын мелодрама қазақтың салт-дәстүрінің артықшылығын дәріптеп, төзімділік, қайырымдылық, қонақжайлылық сынды қасиеттерді насихаттайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Кәсіп иелерінің 70 пайызының салық жүктемесі азаяды
17.10.2025, 20:17

Өртке оранған пәтерден екі баланы аман алып шыққан батыр
17.10.2025, 20:09
Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
17.10.2025, 20:03
Алматыда пластик қалдықтарды қабылдайтын құрылғы орнатылды
17.10.2025, 17:33
Алматы-1 ТЖ станциясында техникалық қауіпсіздік күшейтілген
17.10.2025, 17:30
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде қазақтың әдеби мұрасы таныстырылды
17.10.2025, 17:27
Астанада Абай атындағы университеттің білім беру институты ашылды
17.10.2025, 17:25
«Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі»: ШҚО-да ғылыми конференция өткізілді
17.10.2025, 17:23