«Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі»: ШҚО-да ғылыми конференция өткізілді
Соңғы 20 жылда Шығыс Қазақстанда жүргізілген
археологиялық қазбалардың нәтижесінде табылған артефакттер ұлттық тарихымызды
одан ары тереңдетті. Бүгінге дейін шығыста аспан астында бірнеше музей ашылды.
«Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» деген атпен халықаралық ғылыми
конференция жыл сайын өткізіліп келеді. Бүгінге дейін жүздеген еңбек жарық
көріп, ол ғылыми айналымға түсті. Республика күніне орай биыл ұйымдастырылған
конференцияда шетелдік танымал ғалымдар баяндама жасады. Алтайдың
археологиялық, мәдени, тарихи және философиялық мұраларына тың серпін беретін
тұжырым мен ғылыми пайымдарын ұсынды. Конференция аясында «Ұлы дала алтыны»
және «Тамыры терең Алтай – түркі жұртының негізі» атауымен екі үлкен көрме
ұйымдастырылды.
Шұғыла Меделбек, облыстық тарихи өлкетану музейінің бөлім
меңгерушісі:
Ең ерекше экспонаттың бірі – биыл ғана қосылған қағанның көмекшілері көрсетілген композиция. Қазақстанда ғана емес жалпы әлем бойынша ешқандай түркілер туралы ақпарат беретін бейнелік материал болмаған. 2022 жылы қазба жұмыстарының нәтижесінде табылып отыр.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04