Қысқы Олимпиадаға әзірге 23 жолдама бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қысқы Олимпиадаға әзірге 23 жолдама бар

07.12.2017

Қазақстан құрамасы Пхенчханда өтетін ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарына 50-ге жуық жолдама алуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков айтты. Жолдама үшін сайыстар жалғасуда, нақты қанша спортшы баратыны қаңтар айында белгілі болмақ. Әзірге құрама қоржынында 23 жолдама бар. Спортшылар бүгінге дейін бірнеше рет  допинг сынамадан өтіп, таза екендіктерін дәлелдеген. Жолдама алған спортшылар алдағы уақытта да тексерістен өтеді.

Айта кету керек, ХХІІІ Қысқы Олимпиадаға 80-нен астам елден 2 500-ге жуық спортшы қатысады. Олар 15 спорт түрі бойынша 102 медаль топтамасын сарапқа салады.

Сәкен Мұсайбеков, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

- Қазақстан 9 спорт түрінен Олимпиадаға қатысады. Біздің құрама команданың қоржынында 23 жолдама бар. Оның 10-ы биатлон, 10-ы шорт-трек, ал, 3-еуі мәнерлеп сырғанау спортының еншісінде.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу