Ереванда шерулер қайта басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ереванда шерулер қайта басталды

25.04.2018

Армения астанасы Ереванда оппозиция шеруі қайта басталды. Демонстранттар биліктегі элитаға наразылық білдіріп, уақытша үкімет құруды және оның басына халықтан шыққан бір адамды тағайындауды талап етіп жатыр. Уақытша премьер Карен Карапетян болса, ең алдымен парламенттік сайлау өткізуді ұсынды. Соңғы мәліметке қарағанда, оппозиционер Никол Пашинянның «Азаматтық келісім» қозғалысына көптеген оппозициялық партиялар қосылды. «Биліктегі Республикалық партия қазір жалғыз қалып, елдегі жағдайды бақылаудан шығарып алды», - дейді оппозиция өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Пашинян премьер-министр болуға дайын екенін мәлімдеген еді.

Манифестациялар әзірге бейбіт өтіп жатыр. Егер онда оқыс әрекет жасалса, Арменияда тұрақсыздық басталуы мүмкін. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұл елде екі әскери базасы орналасқан Ресей Еревандағы оқиғаларға жіті назар аударып отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу