Қазақстандағы ұлтаралық татулық Ресейге үлгі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы ұлтаралық татулық Ресейге үлгі

04.04.2015
Қазақстандағы ұлтаралық татулық Ресейге үлгі

Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық татулық – әлемдегі ең озық тәжірибенің бірі. Сондықтан, ол көптеген мемлекеттерге, соның ішінде көршіміз Ресейге де үлгі болып отыр. Мәскеу қаласында өткен посткеңестік аймақтардағы этносаралық қатынасты талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. 

Жиынға Қазақстан халқы Асссамблеясының өкілдері, Ресей халықтарының Ассамблея басшылығы және түрлі ғылыми орталықтар мен қоғамдық ұйым қызметкерлері қатысты. Сарапшылар көпэтносты қоғамы бар Қазақстан мен Ресейдегі жағдайдың ұқсас екенін айтып, ұлттық саясат жүргізуде Қазақ елінің біртабан алда екеніне тоқталды.

Яғни, Қазақстанда өзге ұлтқа төзіммен қараудың ерекше мәдениеті қалыптасқан. Сондықтан, мамандар, ұлтаралық татулықтың бірегей қазақстандық үлгісін, Еуразиялық одақтағы өзге елдерге экспорттау қажет, деген ұсыныс білдірді.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу