Қазақстан Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттері қос келісімге қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттері қос келісімге қол қойды

02.03.2015
Қазақстан Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттері қос келісімге қол қойды

Біріншісі - Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім.

Жаңа құжат күшіне енгеннен кейін, қазақстандық дипломаттар Бенилюкс мемлекеттеріне, яғни, Бельгия, Люксембург және Нидерланд корольдігіне визасыз кіре алады.

Тиісінше, аталған үш елдің Сыртқы істер министрліктерінің қызметкерлері де Қазақстанға визасыз еркін келіп-кете алады.

Сондай-ақ, тараптар реадмиссия туралы келісімге де қол қойды. Бұл Қазақстан мен Бенилюкс елдері аумағында заңсыз жүрген азаматтарды еш кедергісіз бір-біріне өткізу туралы құжат.

Бенилюкс мемлекеттері мен Қазақстан аумағына кіру және онда болу шарттарын бұзған адамдарды анықтау және қайтару осы келісімге сүйене отырып жүргізіледі. 

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу