Ақтөбеде қызылша ауруы өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қызылша ауруы өршіп тұр

03.04.2019

Жыл басталғалы 51 адам жұқтырған. Оның дені вакцина алмаған балалар. Жағдайдың күрделенуіне байланысты  1-інші сәуірден бастап осы дертке қарсы екпе тегін жасалуда. Үндістаннан 18 мың доза вакцина жеткізілген. Бұл преператтың ерекшелігі - қызамық пен паротитке де қарсы тұра алады.

Облыста вакцинадан бас тартып отырған 2000- ға жуық ата-ана бар.  60 пайызы қарсылығының себебін діни көзқарастарымен байланыстырған.  Мамандар оларды райынан қайтару мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр.Өңірде қызылшаға қарсы егу шаралары жыл соңына дейін жалғасады.

Мұхтар Сербаев, облыстық қоғамдық  денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Қосымша егуді жүргізіп жатырмыз. Өйткені, қазіргі таңда облыста 51 адам қызылшамен ауырған. Соңғы жылдары 2015 жылдан бастап тіркелген жоқ. 2015 жылы 104 адам тіркелген болатын. Осы 51 адамның 62 пайызы балалар болып жатыр.

Хабарламаларға жазылу