Бүгін қалалық сотта «Отбасылық сот» пилоттық жобасының алғашқы нәтижелері талқыланды. Былтыр қыркүйектен бастап қаладағы Алматы аудандық сотының екі судьясы тек отбасылық істерге маманданған. Сонымен, былтыр қыркүйек айынан бері аталған екі судья некеге қатысты 683 іс қараған. Оның 550-дейі ажырасу бойынша.
«Отбасылық сот» жобасы аясында бұрынғыдай келген тараптарда ажыратып жібере салмай, психолог мамандар жұмылдырылып, отбасын сақтап қалуға тырысады. Ол үшін уақыт беріп, әрбір іске кеңінен тоқталады. Мамандардың сөзінше, ажырсуға келген 550 адамның 200-дейі осындай әректтен соң отбасын сақтап қалған. Қазір отбасылық судьялар барлық өңірде жұмыс істеуде. Жоба сәтті шықса, бөлек соттарда құрылуы мүмкін.
Айгүл Молдыбаева, Астана қаласы Алматы аудандық сотының отбасылық істер бойынша судьясы:
- Енді қазір пилоттық жобаны басқаша қарап отырмыз. Кісілер келгенде 20 күндей дайындық жүреді. Кездесуге екі жақты да шақырамыз, олармен сөйлесеміз. Психологқа жібереміз.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.