Алматыда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасап, күзетшіні соққыға жыққан үш адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасап, күзетшіні соққыға жыққан үш адам ұсталды

04.02.2019

Алматыда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасап, күзетшіні аяусыз ұрған күдіктілер ұсталды. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, олар 30, 27 және 22 жастағы үш ер адам екен. Күдіктілердің екеуі - Қарағанды облысының, біреуі - Өзбекстан тумасы екені анықталды. Құқық қорғау қызметкерлері оларды Қарағандыдан тапқан.

Естеріңізде болса, 20 қаңтарда Алматыда букмекерлік кеңсенің күзетшісін темірмен ұрып-соғып, басын жарған. Оның қолы сынып, миы шайқалған.

Салтанат Әзірбек, қалалық Ішкі істердепартаментінің ресми өкілі:

- Үшеуі бұрын-соңды сотталмаған. Қазіргі таңда дәйекті заттар тәркілену үстінде. Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу амалдары жалғасу үстінде.

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу