Астаналық өнертапқыштар қызметкерлердің жұмыста болу уақытын бақылайтын құрылғы ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық өнертапқыштар қызметкерлердің жұмыста болу уақытын бақылайтын құрылғы ойлап тапты

26.11.2018

Таңертең келу және кешке үйне қайту сағатын есептей отырып, айлық қорытынды шығарады. Министрліктер мен мемлекеттік мекемелерде қайта-қайта талқыланып жатқан мәселе бұл. Дегенмен, жобаға Қазақстан тарапынан сұраныс жоқ. Астаналық компания құрылғыларын Сингапурда орнатып жатыр.

Құрылғы саусақ ізі арқылы жұмыс істейді. Кірген шыққандардың аты-жөні мен уақытын бірден базаға, яғни, басшылыққа жөнелтеді. Компания өкілдері қажет болып жатса, есікті адамның бет-әлпеті арқылы ашылатын қылып жасап береміз деп отыр. Бүгінде құрылғыны тек шағын мейрамханалар мен жеке кәсіпкерлер орнатқан.

Арайлым Мадиярова, ІТ-компанияның клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері:

- Медициналық орталықта, «Қазтрансойл» және тағы да басқа ірі локацияларда орналастырып жатырмыз. Қызығушылық танытатындар көп. Біртіндеп мемлекеттік қызметте де осы жүйені енгізуді жоспарлаудамыз.

Мекеме «Астана Хаб» ашылғанға дейін ұсақ жобалармен айналысатын. Алып ІТ орталық компанияның мүмкіндігін арттырып, әлемдік нарыққа бірақ шығарды.

Айгүл Шерниязова, Astana Hub халықаралық технопаркінің бас PR-менеджері:

- 2 жыл бойы жасайтын жұмыстарын Astana Hub-қа келіп, 3 айда жасап, өздерінің көрсеткіштерін бірнеше еселеп жақсартады. Біз стартаптарға тікелей инвестиция құймаймыз, оларға қажетті барлық сервисті ұсынамыз.

Қазақстандық өнертапқыштардың ойлап тапқаны әлемдік нарықта бәсекеге түсе алады. Әсіресе, интернет сауда, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жаңашылдықтар жетерлік. Әттеген-айы, өзіміздің елде сұраныс кенде боп тұр.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу