Инвестициялық ахуал жақсарады
Президент Жолдауында елге қомақты инвестиция тарту керектігін айтты. Шетелдік мамандардың пікірінше, құжатта көрсетілген бағыт-бағдар Қазақстанда инвестициялық ахуалдың жақсаруына сеп болады. Соңғы екі жылда Қазақстанға шетелден 69 миллиард доллар инвестиция тартылған. Бұл сан алдағы уақытта еселене түседі. Себебі инвесторлар тарабынан экономикасы тұрақты, цифрландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқан мемлекеттерге қызығушылық жоғары. Қазақстандағы реформалар инвестиция тартуға үлкен мүмкіндік.
Дмитрий Курочкин, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті:
Жолдауда айтылған инвестицияны тарту, өнеркәсіпті дамыту экономиканы әртараптандыруға сеп болады. Кәсіпкерлерге де дем береді. Біз Қазақстанмен әріптестікті жандандырудамыз. Ортақ жобаларымыз бар. Жалпы кәсіпкерлер Қазақстанға ақша құйып, ортақ жобаларды жүзеге асырғысы келеді. Бұл елдегі оң өзгерістерің нәтижесі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәскеуде Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті
17.09.2025, 17:45

Мектептердегі кітапхана қорына 2 млн-нан аса кітап қосылды
17.09.2025, 17:39
Архив қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өседі
17.09.2025, 17:36
Еліміздегі гидротехникалық нысандардың 40% тозған
17.09.2025, 17:33
ЖИ интеллектуалдық ойында да қолданылмақ
17.09.2025, 17:30
Қазақстанның цифрлық болашағы талқыланды
17.09.2025, 17:27
Ауыл шаруашылығы саласында цифрлық жүйе қолға алынды
17.09.2025, 17:24
Трамп мемлекеттік сапармен Ұлыбританияға екінші рет барды
17.09.2025, 17:18