Басты Жаңалықтар ЖИ интеллектуалдық ойында да қолданылмақ

ЖИ интеллектуалдық ойында да қолданылмақ

Мемлекет басшысы Жолдауда Қазақстан алдағы үш жылда цифрлық ел болу міндетін қойды. Осы бастаманы іске асыруға азаматтық қоғам өкілдері де ынталы. Мәселен жыл соңына қарай «Aqyl Battle» мобильді зияткерлік ойынына жасанды интеллект қолданылмақ. Қазақ жастары әзірлеген интеллектуалдық ойын шет мемлекеттерде де танымал. Қазір бір миллионға жуық қолданушысы бар. Жаңа жоба аясында білім бәсекесіндегі қарсыластарды енді жасанды интеллект анықтайды. Сондай-ақ сұрақтарды да әзірлейді. Жалпы осындай тың жобаларды «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» үнемі сүйемелдеп отырады. Орталық соңғы екі жылда әлеуметтік бағыттағы 300-дей жобаға қолдау танытқан.             

Бибінұр Байжігітқызы, жоба жетекшісі:

Сіздің қызығушылыққа қарай, сіздің деңгейіңізге қарай сұрақтар берілетін болады. Осының барлығын ЖИ өзі ұйымдастыратын болады. Осыған дейін біз «Aqyl Battle»-дағы сұрақтарды адамдардың құрастыруымен салып келген болсақ, бұдан кейін біз ақпараттарды автоматты түрде қатысушының қызығушылығына қарай өңдеп бере аламыз.


Бөлісу