Мектептердегі кітапхана қорына 2 млн-нан аса кітап қосылды
Мектеп кітапханалары 2 миллионнан астам жаңа кітаппен толықты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Қазір қордағы кітап саны 141 миллионнан асады. Көркем әдебиетті электронды форматқа ауыстыру да назардан тыс қалған жоқ. Тек өткен оқу жылында 2600-дей жаңа туынды онлайн жүйеге енгізілген. Бірқатар мектепте сабақ алдында күн сайын 20 минут бойы кітап оқу дәстүрге айналды. Балаларға ыңғайлы болсын деп 440 заманауи коворкинг орталығы да ашылған.
Айта кетсек, мұның бәрі Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Адал
азамат» тұжырымдасының аясында іске асып жатыр.
Ерлан Қалмақов, Оқу-ағарту министрлігінің департамент директоры:
Жалпы «Адал азамат» жобасының аясында ауқымды 6 жоба іске асып жатыр. Білім алушылар түрлі әлеуметтік-инновациялық жобаларын ұсынады. Өткен оқу жылында осындай 208 жоба әізрленген. Сонымен қатар ұстаздарымыз да белсенді ат салысуда.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәскеуде Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті
17.09.2025, 17:45

Архив қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өседі
17.09.2025, 17:36
Еліміздегі гидротехникалық нысандардың 40% тозған
17.09.2025, 17:33
ЖИ интеллектуалдық ойында да қолданылмақ
17.09.2025, 17:30
Қазақстанның цифрлық болашағы талқыланды
17.09.2025, 17:27
Ауыл шаруашылығы саласында цифрлық жүйе қолға алынды
17.09.2025, 17:24
Инвестициялық ахуал жақсарады
17.09.2025, 17:21
Трамп мемлекеттік сапармен Ұлыбританияға екінші рет барды
17.09.2025, 17:18