Қазақстанның цифрлық болашағы талқыланды
«Цифрлық оптимизм және жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан». Дәл осындай тақырыппен бүгін «Amanat» партиясының орталық аппаратында сараптамалық талқылау өтті. Жиынға қатысушылар Президенттің жолдауда жүктеген міндеттерін жүзеге асыру жолдарын қарастырды. Бүгінде еліміздің цифрлық трансформацияның жаңа кезеңіне аяқ басқаны рас. Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютер іске қосылып, биыл Alem.AI жасанды интеллекттің ұлттық орталығы ашылмақ. Мемлекеттік қызметтердің 92%-ы онлайн форматта қолжетімді. Технология қарыштап дамып келе жатқан шақта ақпараттық қауіпсіздік басты мәселе. Диалог алаңында «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы, жеке деректерді қорғау, этикалық стандарттар тақырыбы көтерілді.
Екатерина Смышляева, Мәжіліс депутаты:
Цифрлық заңнамада ең маңызды және негізгі принциптер ашықтық пен қауіпсіздік. Дербес деректерді қорғауға баса мән бердік. Сондай-ақ технологияның қарқынды дамуының жанама әсерлері бар екенін білесіздер. Авторлық құқық, цифрлық қауіпсіздік, салаға ұзақ мерзімді инвестициялау және т.б. мәселелер. Жаңа құжатта Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың жасанды интеллект технологияларын пайдалану ерекшелігі де қарастырылған.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәскеуде Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті
17.09.2025, 17:45

Мектептердегі кітапхана қорына 2 млн-нан аса кітап қосылды
17.09.2025, 17:39
Архив қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өседі
17.09.2025, 17:36
Еліміздегі гидротехникалық нысандардың 40% тозған
17.09.2025, 17:33
ЖИ интеллектуалдық ойында да қолданылмақ
17.09.2025, 17:30
Ауыл шаруашылығы саласында цифрлық жүйе қолға алынды
17.09.2025, 17:24
Инвестициялық ахуал жақсарады
17.09.2025, 17:21
Трамп мемлекеттік сапармен Ұлыбританияға екінші рет барды
17.09.2025, 17:18