Алматыда белгілі ғалым Айып Құсайыновтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда белгілі ғалым Айып Құсайыновтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды

20.11.2018

Белгілі ғалым Амангелді көшесінің бойындағы 49-шы үйде 1979-2001 жылдар аралығында өмір сүрген. Халқымыздың аяулы перзенті, халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевпен көрші тұрған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы болған Айып Қисаұлы мал шаруашылығы саласына ерен еңбек сіңірген. Қой тұқымын асылдандыру бағытында селекциялық ғылыми жұмыстар жүргізіп, солтүстік өңірдің табиғатына бейім, жабағы жүнді қазақ мериносы тұқымын шығаруға белсене атсалысқан.

Барлыбай Қажымұратұлы, қала тұрғыны:

- Халыққа өте сыйлы, кішіпейіл азамат. Қазақстанның мал шаруашылығының өркендеуіне өте көп еңбек еткен. 

 

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу