Есірткі сатумен айналысқан шаруа қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткі сатумен айналысқан шаруа қамалды

12.01.2018

Есірткі сатты деген күдікпен Зеренді ауданындағы шаруа қожалығының иесі қамауға алынды. Тергеушілердің айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында ер адам «шартты» сатып алушыға 20 грамға жуық марихуана сатқан. Бір ай көлемінде тәртіп сақшылары дәлел дәйекті болу үшін тиісті жедел шараларды жүргізді. Есірткі заттарын жеткізу жолдарын анықтап, сыбайластарын анықтады. Ұсталған адамның әйелі, үш баласы бар. Олардың екеуі - кәмелет жасына толмаған. Енді күдікті бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Виталий Гудыменко, ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері:

- 7 қаңтарда Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-анықтау шаралары кезінде облысымыздағы аудандардың бірінің тұрғыны қамауға алынған болатын. Ол ұзақ уақыт бойы заңсыз түрде марихуана сатумен айналысқан. Қазіргі таңда күдікті уақытша қамау изоляторында. Алдын ала тергеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы бойынша жүргізілуде. Сонымен қатар, облыс аумағына есірткі құралдарын жеткізу каналдары анықталуда.

Хабарламаларға жазылу