Бүгін дүниежүзілік еріктілер күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін дүниежүзілік еріктілер күні

05.12.2017

Атаулы датаға орай, Астанада жүзден астам ерікті жастардың қатысуымен ұлттық форум өтті. Форум барысында волонтерлік қызметтің қыр-сыры түсіндіріліп, аталған мақсатта қабылданған заң нормаларынан ақпар берілді. Бастысы, өңірден келген қатысушылар өз идеяларын депутаттар мен жауапты сала басшыларына жеткізіп, орталықтағы әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. «Ерікті болу – патриотизмнің ең жарқын үлгісі». Форумға келген жастардың ортақ пікірі осындай.

Айлинь Әбуәлі, ерікті:

- Бүгін халықаралық волонтерлер күніне орай, барлығымыздың басымызды біріктіріп, тәжірибелі спикерлердің насихатын тыңдап, біз болашаққа резалюция құру мақсатында келдік. Сол резалюция, яғни, бес жылдық жоспар арқылы біз болашақта осы қызметімізді нақты әрі заңды түрде атқарамыз деген ойымыз бар.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу