Астанада «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Рухани жаңғыру және жастар» атты Қазақ жастарының бірінші халықаралық форумы өтті. Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайы аясында ұйымдастырылған шараға 20-дан аса елден келген қазақ жастары қатысты. Жиын барысында мемлекетіміз бен қоғам тарапынан қандастарымызды қолдаудың маңыздылығы айтылып, Елбасының «Отандастар» қорын құруды тапсырғандығына айрықша мән берілді.
Азамат НҰҒЫМАНОВ