Жол апатынан төрт адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Чапаев-Жалпақтал-Қазталов тасжолының Болдырев елді мекені тұсында қарсы бетке шығып кеткен «Волга» көлігі «Лада Приораны» соққан. Соның салдарынан соңғы көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы сол жерде мерт болды. Екі көліктегі қалған алты адам жедел түрде Орал қаласындағы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында бір жасар сәби де бар. 40 жастағы әйелдің жағдайы аса ауыр күйде.
Виктор Ширяев, жансақтау бөлімінің меңгерушісі:
Жол апатына ұшырағандар бізге реанимобиль және ұшақ арқылы жеткізілді. Барлығына тиісті медициналық көмек көрсетілуде. Ал, ауыр халдегі әйел адамға операция жасалып жатыр. Оның басы жарылып, бет сүйегі бірнеше жерден сынған.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨлім жазасы қылмыстың азаюына әсер ете ме?
19.10.2025, 20:01
Ішімдікті арнайы дүкенде ғана сату маскүнемдікті азайта ала ма?
19.10.2025, 20:00
Қызылорда қаласының астана болғанына - 100 жыл
19.10.2025, 20:00
АҚШ-та миллиондаған адам жаппай наразылыққа шықты
19.10.2025, 19:58
Парламенттік реформа: Не өзгереді?
19.10.2025, 19:55
Ипотека: Қандай өзгеріс болады?
19.10.2025, 19:53
Экономикаға түзету енгізіледі: Үкімет қандай шаралар қабылдауды ұсынды?
19.10.2025, 19:49
Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
18.10.2025, 17:16