Марван Гилл: Қазақстан – тұрақсыз әлемдегі сенімді диалог алаңы
Қазақстан бүгінде әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өзара түсіністіктің үлгісін көрсетіп отырған ел. Қақтығыстар мен алауыздықтар үдеп жатқан тұста Қазақстан дінаралық диалогқа арналған сенімді алаңға айналып отыр. Діндер съезіне қатысып жатқан Аргентина Ахмадийя мұсылман қауымдастығының президенті Марван Гилл осылай деп пікір білдірді. Ол Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт өткізіліп келе жатқан съезді жоғары бағалап, бұл бастаманың аймақтық қана емес, жаһандық деңгейде маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті.
Марван Сарвар Гилл, Аргентина Ахмадийя мұсылман қауымдастығының президенті және имамы:
Мен дін қызметкері ретінде Қазақстанға үлкен қызығушылықпен қараймын. Қазір әлемдік геосаяси ахуал ушыққан тұста Қазақстан түрлі дін мен мәдениет өкілдерін бір үстел басына жинап отыр. Қазақстан ұсынған мұндай диалог алаңы аса маңызды әрі өміршеңдігін көрсетті. Әсіресе әлемде тұрақсыздық күшейіп тұрған кезеңде бұл бейбітшілікке бастайтын нақты жол. Сондықтан сіздің еліңіздің бұл бастамасын қолдаймын әрі бұл әлемге үлгі боларлық дүние.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәскеуде Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті
17.09.2025, 17:45

Мектептердегі кітапхана қорына 2 млн-нан аса кітап қосылды
17.09.2025, 17:39
Архив қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өседі
17.09.2025, 17:36
Еліміздегі гидротехникалық нысандардың 40% тозған
17.09.2025, 17:33
ЖИ интеллектуалдық ойында да қолданылмақ
17.09.2025, 17:30
Қазақстанның цифрлық болашағы талқыланды
17.09.2025, 17:27
Ауыл шаруашылығы саласында цифрлық жүйе қолға алынды
17.09.2025, 17:24
Инвестициялық ахуал жақсарады
17.09.2025, 17:21