Басты Жаңалықтар VIII Съезд: ЖИ дамыту әдебі – дұрыс ақпарат алу үшін қажет

VIII Съезд: ЖИ дамыту әдебі – дұрыс ақпарат алу үшін қажет

Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінде пленарлық отырыс мәресіне жетті. Қатысушылар қазіргі геосаяси жағдайдың ушығуын, қауіп-қатерлердің артуын талқылап, жаһандық деңгейдегі дінаралық диалогтың маңызын атап өтті. Дәл қазір бізбен тікелей байланыста әріптесіміз Ақниет Балтанова. Ақниет, жиында қандай бастамалар көтерілді?

Ақниет Балтанова, тілші:

Рахмет, Ләйлә. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды бастама көтерді – Жасанды интеллектті дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды. Қазір жанымда Дінтану зерттеулер орталығының директоры Алмасбек Шағырбай тұр. Алмасбек мырза, Жасанды интеллектті дамыту әдебі неге қажет? 

Алмасбек Шағырбай, ҚР ҒЖБМ Дінтану зерттеулер орталығының директоры:

Ақниет Балтанова, тілші:

Жауабыңызға рахмет. Сондай-ақ съезде сөз алған Мемлекет басшысы дін көшбасшыларын «бейбітшілік елшілері» деп атады. Өйткені барлық негізгі діни бағыттар – әділдік, мейірімділік, өзара құрмет сынды гуманистік құндылықтарды ұлықтайды.
Тағы бір маңызды жаңалық – Съездің қорытынды декларациясы БҰҰ Бас Ассамблеясына ресми құжат ретінде ұсынылады. Бұл – Қазақстан бастамасына берілген жаһандық қолдаудың дәлелі.
Қорытынды жаңалықтарда шетелдік делегаттардың пікірін ұсынамын. Ләйлә, сөз өзіңізде.


Бөлісу