Басты Жаңалықтар Саясаттанушы: Біз унитарлы мемлекет болғандықтан, бір палаталы Парламент жеткілікті

Саясаттанушы: Біз унитарлы мемлекет болғандықтан, бір палаталы Парламент жеткілікті

Саясаттанушылар Президенттің бір палаталы Парламент құру туралы бастамасын қолдап отыр. Саяси реформа – еліміздің демократиялық жолға түсуіне мүмкіндік береді, дейді олар. Жалпы, Жолдауда экономиканың барлық саласына жаппай жасанды интеллект енгізу және инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударылды.


Асылбек Байжұма, саясаттанушы:

Біз унитарлы мемлекет болғандықтан, бізге бір палаталы Парламент жеткілікті және бұл мемлекеттің мүддесіне сай шешімдер шығару үшін бір палаталы Мәжілісте талқыланған кез келген шешім еліміздің болашағы үшін де, халық үшін де, өркендеп, өсіп,  даму үшін де өте маңызды  деп ойлаймын.


Киікбай Жаулин, саясаттанушы:

Жалпы, биылғы Жолдау қоғам, саяси, жалпы әлеуметтік мәселелер соның ішінде білім, ғылым саласы, әлеуметтік мәселе, цифрландыру,  жаңа министрліктер құру, жастарға мән беру өте ерекше. Бұл Жолдаудың әділетті Қазақстан үшін, берекелі қоғам үшін, болашақтың қалыптасуы үшін үлкен реформалық бағыттағы негізгі Жолдау деп мен айтар едім.


Берікжан Қайыпбай, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекция басшысы:

Өндірген өнімді шетке экспорттау бар. Экспорттау кезінде оның қауіпсіздігі ол қайткен күнде сандық форматпен қаралып отырады. Келесі кезең - ЖИ. Сондықтан бүгін Президент сондай талап қойды.


Сенбіғали Зәкенов, Мұнай-газ саласының профессоры:

Шағын және орта бизнестің өндірістегі үлесі, әсіресе шағын бизнестің тек қана 6 пайыз дейді. Қалғандары жәй ғана алып сатумен айналысып жатқандар деуге болады. Пайыздық мөлшерді өсіретін болсақ, оған инвестиция тартатындай, қандай да бір бизнеске мүмкіншілік жасайтындай жағдай жасау керек деген тапсырманы қойды. Кең көлемде нақты-нақты тапсырмалар берді.


Бөлісу