Ақтөбе облысында Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдық мерейтойы өтіп жатыр
Ақтөбеде дала данышпаны атанған қазақтың белгілі биі, көрнекті тұлға Мөңке Тілеуұлының 350 жылдық мерейтойы өтіп жатыр. Ауқымды мәдени-танымдық және ғылыми шараларға алыс-жақын шет елдерден және еліміздің түкпір-түкпірінен меймандар келді.
Негізгі іс шаралар мерейтойға орай арнайы құрылған этноауылда өтті. Басты мақсат - тарихи тұлғаның шығармашылығын кейінгі ұрпаққа насихаттау. Өйткені оның қалдырған өсиеттері өміршеңдігін көрсетті. Шара барысында бәйге, қазақ күресі секілді ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Мыңжылдығын болжаған Мөңке би» деген атаумен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Сөз алған ғалымдар тарихи тұлғаға қатысты деректермен бөлісті. Мөңке би тек қазақ халқының ғана емес, тұтас түркі әлеміне ортақ тұлға. Сондықтан оның шығармаларын, өмірі мен өнегесін насихаттау жұмысы жалғасады.
Бауыржан Жақып, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:
Сан қырлы адам. Ол өз заманының қайраткері болған, биі болған. Кезінде қазақтың билерінің қатарында Ресей патшасына қол қойған архивтік құжат табылды. Көріпкелдігі, болжампаздығы, ол бұрын боғмаған дүние, таңғажайып құбылыс деп айтуға болады.
Мөңке би бабамыз ел ішінде билігін де жүргізген, насихатын да жүргізген. Халқын тәрбиелеген және артында қалай болу керек, не өзгерістер болады, соның бәрін көріп-білген адам».
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
