Басты Жаңалықтар Астанада «Шәкәрім» музыкалық драмасы көрерменге жол тартты

Астанада «Шәкәрім» музыкалық драмасы көрерменге жол тартты

«Шәкәрім» атты музыкалық драма көрермен назарына ұсынылды. Туынды премьерасы Қаллеки театрында өтті. Қойылымда ақтаңдақ кезеңдерді бастан кешкен Шәкәрімнің тағдыры, оның рухани ізденістері, әділет пен махаббатқа деген көзқарасы мен өміріндегі драмалық оқиғалар бейнеленген. Туынды авторы – Ермек Аманшаев. Драма Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды. Қойылымды Музыкалық жас көрермен театры сахналады. Спектакль тағы екі күн бойы қойылады. Алдағы уақытта драма Қазақстанның өзге өңірлерінде де көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Асхат Маемиров, қоюшы режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Өскелең ұрпақтың бойына Шәкәрімнің асқақ бейнесін паш ете отырып, осы рухани әлемін оның шығармашылығы арқылы дәріптегіміз келеді. Спектакль екі актілі. Өте сондай бір тарихи детальдардың ешқайсын да біз тастап кетуге тиісті емеспіз. Сондықтан сол тарихи фактілерді анық жеткізу үшін сахнада 90-ға жуық әртіс еңбек етеді.


Бөлісу