Басты Жаңалықтар Ресеймен әріптестік беки түспек

Ресеймен әріптестік беки түспек

Қазақстан мен Архангельск облысының арасында сауда айналымы 35 пайызға артқан. Бұл биылғы жарты жылдағы көрсеткіш. Екі тарап білім беру, денсаулық, медицина, турзим салаларында да әріптестікті жандандырмақ. Толығырақ тілші тарқатады.

Архангельск облысынан Қазақстанға ағаш өнеркәсібі кешенінің, целлюлоза-қағаз кәсіпорындарының өнімдері экспортталады. Біздің елден өңірге машина жасау және химия саласының өнімдері жеткізіледі.

Александр Цыбулский, Архангельск облысының губернаторы:

Қазақстан біздің өңірмен шекаралас емес, дегенмен жыл сайын алыс-беріс, сауда айналымы артып келеді.Осы жылдың соңына дейін, немесе келер жылдың басында Қазақстанға арнайы бизнес миссия барады. Ол жерде Қазақстан кәсіпкерлерімен кездесіп, әріптестікті бекіте түсудің жолдарын қарастырамыз.

Өңірдегі іргелі оқу орны да Қазақстан азаматтары үшін квота санын арттырған. Білім беру саласында әріптестік жоғары. Қазақстандық оқу орындарымен ортақ келісімдер бар. Жоғары білім, ғылыми зерттеу бойынша да жобалардың саны артуда.

Михаил Данилов, Жоғары оқу орны ректорының міндетін атқарушы:

Қазақстандық оқу орындары біз үшін басты серіктестеріміз.Педагигока, мәдениет, техника бойынша біріге зерттеу жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта біздің оқу орнынының филиалын сіздердің елде ашылуы да мүмкін.

Жоғары кәсіптік білім беру саласында да өзара іс-қимыл құрылуда. Мәселен, Солтүстік  федералды университетінде Қазқақстан үшін тау-кен және газ мамандықтары бойынша мамандар даярлана бастады. Олар оқу орнын бітірген соң елімізде аталаған салаларда жұмыс істейді.


Бөлісу