Басты Жаңалықтар Конституциялық сотқа жүгінетіндер көп

Конституциялық сотқа жүгінетіндер көп

Елімізде конституциялық сот құрылғалы оған 11 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Президент қабылдауында болған Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова осылай деді. Өтініштерді қарау барысында 5 мыңнан аса құқық нормасы зерделенген. Тексеру нәтижесі бойынша 300-ден астам шешім қабылданып, Ата заңға сәйкестігі тұрғысынан 74 қорытынды қаулы шығарылды. 20 құқық нормасы Конституцияға қайшы деп танылып, 25 құқық нормасына нақты түсіндірме берілді. Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 41 нормативтік қаулы орындалды. Қазір Парламентте 8 заң жобасы қаралып жатыр. Президент Конституциялық сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауына кепіл болуға тиіс екенін тағы бір ескертті.


Бөлісу