Қарағандыда жұмысшы мамандар жетіспейді
«Жыл сайын мыңдаған инженер, құрылысшы және ауыл шаруашылығы маманы оқу бітіргенімен, көбі мамандығы бойынша жұмыс істемейді». Мемлекет басшысы Жолдауда осылай деді. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргісі келетін жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту керектігін айтты. Мәселен, биыл Қарағанды облысында 13 мыңға жуық адам мамандықтар бойынша жұмысқа тұрғызылды. Бірақ өңірде әлі де дәнекерлеуші, электромонтер, сантехник, слесарь, ағаш ұстасы сынды мамандар жетіспейді. Ал колледждерде осы салаларға басымдық бергенімен, түлектер ауыр жұмысқа аяқ басқысы жоқ. Мамандардың айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, идеологиялық тұрғыдан да дұрыс насихатталуы керек. Онымен қоса мамандықтың қыр-сырынан бөлек, заман ағымына сай цифрландыру бағытын да қолға алған жөн дейді.
Нұржан Сыздықов, облыстық Еңбек мобильділігі орталығының директоры:
Нарықтағы қандай жұмысшы мамандықтары керек болып жатыр және қысқамерзімді оқуларға да жұмысшы мамандықтармен жіберілген болатын. Бүгінгі таңда сұранысқа ие жүргізушілер, дәнекерлеушілер, электриктар, құрылысшылар нарықта керек болып жатқаны.
Ермек Әбілдин, облыстық Кәсіпкерлер қауымдастығының
басшысы:
Ауыл шаруашылығы қожалықтары өз тарапынан жоғары жалақылар ұсына алады. 300, 400, 500 мыңға дейін комбайн, трактор жүргізушілері ала алады. Бірақ мамандар жоқ. Бұл жерде жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру керек. Жергілікті жерлерде жағдайлар жасау керек. Әсіресе әлеуметтік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
