Басты Жаңалықтар Бокстан Әлем чемпионатында 4 спортшымыз жеңіске жетті

Бокстан Әлем чемпионатында 4 спортшымыз жеңіске жетті

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында бүгін 4 боксшымыз шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті. 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутпен ұтты.

Сондай-ақ 51 келідегі Алуа Балқыбекова, 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Виктория Графеева мен 80 келідегі Нұрбек Оралбай да жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Ал спортшылармыздың бірқатары сағат 22:00 шамасында рингке шыға бастайды. Барлық жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалауға болады.


Бөлісу