Басты Жаңалықтар «E-qyzmet» жүйесі бүгінде өз нәтижесін беруде

«E-qyzmet» жүйесі бүгінде өз нәтижесін беруде

Қарағанды облысында 2024 жылдан бері «E-qyzmet» жүйесі енгізіліп, бүгінде өз нәтижесін беруде. Бұл - мемлекеттік қызметкерлердің кадрлық ісін автоматтандыруға арналған бірыңғай электрондық жүйе. Онлайн платформа арқылы: мемлекеттік қызметке қабылдау, аттестация, демалыс, іс-сапар рәсімдеу, қызметкерлердің жеке деректерін жүргізу сияқты процестер онлайн жасалады. Жүйе ең бастысы қағазбастылықтан арылтып, мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде барынша ашықтықты қамтамасыз етеді.


 Жандос Сәрсен, облыстық Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы:


Бұның пайдасы - баяғыдай үміткерлер үйден шығып, тестілеу залына барып, жүрудің керегі жоқ. Үміткерлер ақпараттық қызмет арқылы конкурсқа қатысқан кезде мемлекеттік орган үміткерлердің аты-жөнін білмейді. Кім қатысып жатқанын, қай сатыда келе жатқанын білмейді. 


 


Бөлісу