Басты Жаңалықтар Конституциялық сотқа жүгінетіндер көп

Конституциялық сотқа жүгінетіндер көп

Елімізде конституциялық сот құрылғалы бері 11 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Президенттің қабылдауында болған ведомство төрағасы Эльвира Азимова осылай деді. Өтініштерді қарау барысында 5 мыңнан аса құқық нормасы зерделенген. Тексеру нәтижесі бойынша 300-ден астам шешім қабылданып, Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан 74 қорытынды қаулы шығарылды. 20 құқық нормасы Конституцияға қайшы деп танылып, 25 құқық нормасына нақты түсіндірме берілді. Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 41 нормативтік қаулы орындалды. Қазір Парламентте 8 заң жобасы қаралып жатыр. Президенттің Конституциялық сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепіл болуға тиіс екенін тағы бір ескертті.

Оңғар Алпысбайұлы

Бөлісу