Бүгін – халықаралық отбасы күні. Мәдениет және ақпарат министрі, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева Facebook парақшасында құттықтау жариялап, елімізде 6,2 миллионнан астам отбасы бар екенін атап өтті. Ол отбасын қолдаудың мемлекет үшін тұрақты дамудың берік негізі екенін айтты. Сонымен қатар, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнама жетілдіріліп жатқанын жеткізді. Аида Балаева бүгін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылданатынын және отбасы күніне арналған онлайн-челленджге белсенді қатысуға шақырды.
Айта кетейік, халықаралық отбасы күні Қазақстанда 2013 жылдан бері қыркүйектің екінші жексенбісінде ұлттық Отбасы күні ретінде атап өтіледі. Осы уақыттан бері отбасы институтын дамыту, отбасылық құндылықтарды насихаттау, бала тәрбиесі мен әлеуметтік осал отбасыларды қолдау бойынша маңызды жұмыстар жүргізілуде.
