Ұлттық құрылтайдағы бастамалар тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған
Ұлттық құрылтайда жастарды жат әдеттен арылтып, күш-жігерін пайдалы іске жұмсауы туралы мәселе де қозғалды. Олардың жаңа технологияларды игеріп, сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып отыр. Тұрғындар Торғай өңірінің дамуына тың серпін беретін көлік жолының құрылысы жайлы бастаманы да қуана қабылдады.
Ләззат Зинекина, зейнеткер:
Бұл күре жолдың мәні өте зор. Көптен күткен жаңалық. Біздің ел негізі ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы бағытында болғаннан кейін өнімдерді өткізу, елдің әлеуетін арттыру мақсатындағы үлкен жоба деп есептеймін. Одан қалды жаңа жұмыс орындары ашылады. Жастар – елдің болашағы. Қаншама елдің жағдайы жақсарады деп есептеймін.
Дәурен Кеттебек, Жетісай қаласының тұрғыны:
Қазіргі таңда басты бір мәселелердің бірі - нашақорлық. Жастардың арасында, оның ішінде нашақорлық үлкен басым бағыттардың бірі болып айтылды. Жалпы, сол бағытты қолдаймын. Сол бағытта жұмыстарды жандандыру керек. Жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттап, есірткіден аулақ ұстау осы қоғамның міндеті деп ойлаймын.
Мирас Қобылан, Жоғары оқу орны жастар комитетінің жетекшісі:
Ең бірінші тәрбие саласында атқарылып жатқан жұмыстарға көбірек мән беріліп жатыр. Әлеуметтік желінің екі бағыты бар ғой, біреуі тектен-тек уақыт өткізу, екіншісі, пайдалы заттармен онлайн білім алу деген бар. Шетелдегі мықты мамандар онлайн білім беру арқылы әлеуметтік желіні жақсы жағынан пайдалануды бізге үйретіп жатыр. Қазіргі таңда жасанды интеллект қатты дамып жатыр. Оның барлығы да жастардың білуі тиіс нәрселері деп ойлаймын.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәскеуде Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті
17.09.2025, 17:45

Мектептердегі кітапхана қорына 2 млн-нан аса кітап қосылды
17.09.2025, 17:39
Архив қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өседі
17.09.2025, 17:36
Еліміздегі гидротехникалық нысандардың 40% тозған
17.09.2025, 17:33
ЖИ интеллектуалдық ойында да қолданылмақ
17.09.2025, 17:30
Қазақстанның цифрлық болашағы талқыланды
17.09.2025, 17:27
Ауыл шаруашылығы саласында цифрлық жүйе қолға алынды
17.09.2025, 17:24
Инвестициялық ахуал жақсарады
17.09.2025, 17:21