Басты Жаңалықтар Республикалық «Аңсар» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық «Аңсар» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды

Жүлделі орындарға ие болған жастардың арасында мектеп оқушылары мен студенттер де бар. Аталмыш байқауға жас ақындар мен қаламгерлерден өтініштер 11-қыркүйектен 11-қазан аралығында қабылданған еді. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен өткен байқауға алғашында 200-дей жұмыс келіп түскен. Екінші кезеңге 50 жұмыс іріктеліп, соңында үздік 9 қатысушы жеңімпаз атанды.

Жас журналистер сайысы публицистика, поэзия және проза аталымдары бойынша өткізілген еді. Жүлде қоры – 660 мың теңге. «Байқаудың басты мақсаты – талантты жастарды қолдау»,- дейді ұйымдастырушылар. 

Ерболат Қуатбеков, байқауға қатысушы:

- «Аңсар» байқауы әдебиетте, шығармашылықта жүрген жастарға үлкен мүмкіндік береді. Шарттары шығармашыл адамға өте ыңғайлы. Өйткені, бұл жерде еркін тақырып.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Бөлісу