Ғылыми форум аясында ел тарихынан сыр шертетін өте құнды жәдігерлер қойылған көрме де ұйымдастырылды.
«Қазақстан археологиясы: жаңа ашылымдар». Аты айтып тұрғандай көрменің ерекшелігі келушілер назарына соңғы 3-5 жылдағы жаңа, тың археологиялық материалдар ұсынылды.
Көрмеге қойылған жәдігерлердің арасында 2018 жылы Ақтөбе қаласының маңынан табылған алтын семсер бар. Сондай-ақ Абай облысынан жеткізілген алтыннан жасалған бұйымдар да кездеседі.
Жалпы, көрме тас, ерте темір дәуірі мен орта ғасырларды бір-бірімен байланыстыратын бөлімдерден тұрды. Онда түркі, қимақ, оғыз мәдениетіне, сондай-ақ Алтын Орданың қалалары мен археологиясына қатысты материалдарды көруге болады.
Ерлан Сайлаубай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы ел тарихы ғылыми-зерттеу орталығының директоры:
Біз тарихты халыққа жақындату жағына қатты көңіл бөліп жатырмыз. Өйткені біздің қазіргі қоғам өте сауатты. Сондықтан бүкіл мемлекеттің тарихына, халықтың шығу тарихына, оның тарихи кезеңіндегі ұлы тұлғаларына қатысты бар дүниені білгісі келеді.
Нұрсұлтан Тілектес