Дональд Трамптың билікке келуінің Қазақстанға әсері
Сонымен Америка үшін алтын ғасыр басталғанын мәлімдеген Дональд Трамп саясаты Қазақстанға қалай әсер етеді? Екі жақты қарым-қатынас енді қалай өрбуі мүмкін? Біз осы сауалды халықаралық қатынастар бойынша сарапшы Жанат Момынқұловқа қойған едік. Сұхбатты тыңдасақ.
Жанат Момынқұлов, халықаралық қатынастар бойынша сарапшы:
Трамптың билікке келуі Қазақстанға бірнеше тұрғыда әсер етуі мүмкін. Бірінші жолы энергетикалық тұрғыдан. Мұнай бағалары сәл де болса төмендеуі мүмкін. Бұған дейін қол қойылған екіжақты келіссөздерге сәйкес, біз Батысқа өзіміздің энергетикалық қорларымызды, критикалық металлдарымызды беретін болсақ, олар бізге жаңа технологияларымен бөлісетін болса, ол жағдайда тиімді қарым-қатынас орнайды. Бұрынғыға қарағанда, Трамптың кезінде үлкен мүмкіндіктерге жол ашылып тұр. Трамптың өзі осы Орталық Азияға мән беріп отыр. Марк Рубио департамент басшысы айтқандай, Орталық Азияның маңызы жоғары. Соған байланысты мынау еркін сауда қарым-қатынасына қарай өтуіміз керек деді. Және Орталық Азияда үлкен саммит болатынын айтты. Менің ойымша, осы Қазақстанда, бәлкім Астанада Американың қатысуымен, Орталық Азия елдерінің қатысуымен үлкен бір кездесу болуы мүмкін. Тіпті одан да зоры осы Украина мәселесі бойынша үлкен бір келіссөздердің бірнеше қалада болу ықтималдығы бар. Оның арасында Астана да аталып жүр. Трамптан бәрін күтуге болады. Ол – болжап-болмайтын тұлға. Дипломатияның адамы, бизнесмен. Ол кез-келген геосаяси мәселені сауда жолымен шешуге тырысады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сталкинг туралы жаңа заң күшіне енді
16.09.2025, 20:17

Заң мен Тәртіп болса, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік пайда болады
16.09.2025, 20:15
Жамбыл облысында балалардың құқын қорғау басқармасы ашылады
16.09.2025, 20:14
Израиль Газа қаласын басып алу операциясын жүргізіп жатыр
16.09.2025, 20:12
Мемлекет басшысы шахмат үйіне барды
16.09.2025, 20:08
6 мыңдай ерікті оқудан өткен
16.09.2025, 20:07
Рени Хаттар: Дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі әлемдік аренада үлкен беделге ие
16.09.2025, 20:05
Сенат төрағасы: Жанжалдар бейбіт әрі дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс
16.09.2025, 20:03