Бүгін Астанада бала құқығы жөніндегі уәкілдер елуден астам баламен кездесіп, тілдесті. Жас ұрпақтың құқықтары мен қауіпсіздігін талқылап, қоғамдағы мәселелердің шешімін іздеді. Шара диежүзілік балалар күні мен Біріккен Ұлттар ұйымының конвенциясын ратификациялағанына 30 жыл толуына орай өткен. UNICEF-тің Қазақстандағы өкілі, Рашед Мұстафа Сарвар да жиынға қатысып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ортақ жұмыс екенін жеткізді.
Рашед Мұстафа Сарвар, Қазақстандағы UNICEF өкілі:
Біз балаларды қорғау үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Олар - елдің жарқын болашағы. Сондықтан әр саланың құқықтық саясатында балалар мәселесін, олардың қажеттіліктерін тікелей қарастыратын бөлім болуы қажет.
Темірлан Нұрсолтан