12 қараша – Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12 қараша – Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні

12.11.2016
12 қараша – Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні

12 қараша, сенбі, 2016 жыл

Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні

Күнтізбеде балалар пневмониясына қарсы күн Ғаламдық коалицияның арқасында пайда болды. Халықаралық, үкіметтік, үкіметтік емес және жергілікті ұйымдардың, ғылыми-зерттеу және білім алу институттарының, қорлардың және белсенді азаматтардың бірлестігі осылай аталады.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

290 жыл бұрын (1726) ІІ Екатерина патшайым Сырым Датұлын тұтқыннан босату туралы барон О.Игельстромға жарлық хат (рескрипт) жолдады.

57 жыл бұрын (1959) 12-14 қарашада баспасөз құралдары өкілдерінің шығармашылық ұйымы - Қазақстан журналистер одағы құрылды.

56 жыл бұрын (1960) Алматыда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ашылу салтанаты болды.

25 жыл бұрын (1991) Елбасы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетін құру туралы», «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылғандарды ақтау туралы» Жарлықтарға қол қойды.

21 жыл бұрын (1995) ақындар Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әліге «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

20 жыл бұрын (1996) Жамбыл қаласында 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің 10 жылдығына орай Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке арналған ескерткіш орнатылды.


ЕСІМДЕР

111 жыл бұрын (1905-1981) композитор, қазақ музыкалық мәдениетінің негізін қалаушыларының бірі, ҚазССР-нің халық әртісі, профессор КСРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Евгений Григорьевич БРУСИЛОВСКИЙ  дүниеге келді.

роб
102 жыл бұрын (1914-2001) ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, мемлекет және қоғам қайраткері  Ғұбайдолла Отарұлы ІЛИЯСОВ  дүниеге келді.

101 жыл бұрын (1915-2000) ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері  Төлеубай Рақымжанұлы ҚОРДАБАЕВ  дүниеге келді.

люо

78 жыл бұрын (1938) ғалым, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бэла АХМЕТОВА  дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1943) жазушы Эрнест ТӨРЕХАНОВ  дүниеге келді.

ложэъ

56 жыл бұрын  (1960) ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,актер   Болат Мәзімбайұлы ӘБДІЛМАНОВ дүниеге келді.  

бюро

Хабарламаларға жазылу