21 қараша – Дүниежүзілік сәлемдесу күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 қараша – Дүниежүзілік сәлемдесу күні

21.11.2015
21 қараша – Дүниежүзілік сәлемдесу күні

Дүниежүзілік сәлемдесу күні жыл сайын 21 қарашада аталып келеді. Ондағы мақсат – бейбітшілікті сақтау жолында  жеке қарым-қатынастың маңыздылығына қоғам назарын аудару.

Сәлемдесу күнін 1973 жылы ағайынды Майкл және  Брайен Маккомактар Мысыр мен Израиль арасындағы қақтығыстың қызған кезінде қарсы жауап ретінде ойлап тапқан.

«Қарапайым әрі нәтижелі жол керек»,-деп ойлаған олар әлемнің түкпір-түкпіріне жарқын хаттар таратады. Ағайындылар әлемде бейбітшілік орнату, халықаралық шиеленісті төмендету жолында ешкімге қысым салмады. Олар тек, әрбір адамнан бұл хатты кемінде он адамға жіберуін өтінді.

Идея әлемнің 180-нен астам елінен қолдау тапты. Содан бері аталмыш күнді барлық мамандық иелері, үлкен-кіші қоса, ірі саяси көшбасшылар мен өндіріс магнаттары, кино және телевизияның әлемге танымал жұлдыздары атап өтеді.

Хабарламаларға жазылу