Бүгін - Дүниежүзілік балалар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Дүниежүзілік балалар күні

19.11.2016
Бүгін - Дүниежүзілік балалар күні

20 қараша, жексенбі, 2016 жыл

Бүгін - Африканы индустрияландыру күні

Африка өнеркәсібі дамуының екінші онжылдығы (1989 жылғы желтоқсанның 22-дегі қарар) шеңберінде БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған.

Бүгін - Халықаралық темекіден бас тарту күні

Жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде әлемнің көптеген елдерінде атап өтіледі.  1977 жылы бекітілген.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

93 жыл бұрын (1923) күн сайын шығып тұратын, Қырғыз РКП, Қырғыз бюросы және Орынбор губерниялық комитетінің органы ретінде «Советская степь» газеті жарыққа шықты. Бас редакторы Л.Хейфец болды.

18 жыл бұрын (1998) Байқоңыр ғарыш айлағынан халықаралық ғарыш стансасының алғашқы модулі ұшырылды.

12 жыл бұрын (2004) Павлодарда қазақ тілін үйрететін тегін жексенбілік мектеп ашылды. 

10 жыл бұрын (2006) Оралда Альфред Шнитке атындағы Саратов облыстық филармониясының «Волга-Бэнд» үрлемелі аспаптар концерттік оркестрі өнерін көрсетті.

4 жыл бұрын (2012) «Қазақстан» ұлттық арнасында «Жаныңда жүр жақсы адам» деректі фильмдер циклы көрсетіле бастады.

211 жыл бұрын (1805) Людвиг ван Бетховеннің «Фиделио» атты жалғыз операсы айтылды.

54 жыл бұрын (1962) Кариб дағдарысы аяқталды.


ЕСІМДЕР

96 жыл бұрын (1920-2010) ақын, аудармашы, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қарқаралы қаласының Құрметті азаматы ӨМІРБЕКОВ Жаппар дүниеге келді. 

83 жыл бұрын (1933-1994) ақын, филология ғылымының докторы, профессор АЙДАРОВ Тұрап дүниеге келді.

71 жыл бұрын (1945) жазушы, публицист, тарих ғылымының кандидаты, «Алаш» тарихи-зерттеу орталығында ғылыми қызметкері ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт дүниеге келді.

58 жыл бұрын (1958) ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты ҚАЙЫҢБАЕВ Мәди дүниеге келді.

62 жыл бұрын  (1954) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры АЯҒАН Бүркітбай Ғылманұлы дүниеге келді.

36 жыл бұрын (1980) қазақстандық әнші АХМАДИЕВА Ділназ Мұратқызы дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу