12 қараша – Дүниежүзілік сапа күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12 қараша – Дүниежүзілік сапа күні

12.11.2015
12 қараша – Дүниежүзілік сапа күні

Бұл күннің мақсаты – тауарлар мен қызметтердің «жоғары сапасы» деген сөздің мағынасын көтеру. Аталмыш шара жыл сайын әлемнің бірқатар елінде қараша айының екінші аптасында аталып өтеді.

Сапа күнінің негізін БҰҰ-ның қолдауымен Еуропалық сапа ұйымы қалаған. Дүниежүзілік сапа күні 1990 жылы бекітілген.

Сапа мәселесі – әлемнің жетекші елдерінің экономикасындағы ең өзекті проблемалардың бірі. Еуропалық сапа апталығы сондай-ақ, сапа мәселесіне қоғамның назарын аудартатын түрлі акциялар, жетістіктер мен сапаның Еуропадан тыс аумақтардағы бәсекелестікке қабілеттілігі жағынан да маңызды орын алады. 

Себебі, бүгінде сапа – кез келген тауар, кез келген сала және кез келген мемлекет үшін  жетістікке жетудің алтын кілті іспеттес.

Хабарламаларға жазылу