14 қараша – Дүниежүзілік диабетпен күрес күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

14 қараша – Дүниежүзілік диабетпен күрес күні

14.11.2015
14 қараша – Дүниежүзілік диабетпен күрес күні

Дүниежүзілік диабетке қарсы күрес күні әлемде диабетке шалдыққандар саны артуына байланысты 1991 жылы Халықаралық диабет федерациясы (International Diabetes Federation, IDF) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (World Health Organization) шешімімен бекітілді.

1922 жылдың қаңтарында канадалық ғалым Фредерик Бантинг қант диабетінің ювенильді формасымен ауыратын 14 жастағы баланы инсулин инъекциясын жасау арқылы аман алып қалады.

Алайда, инсулинге патент алудың орнына, ғалым барлық құқықты Торонто университетіне табыстайды. Кейін инсулинге деген құқық Медициналық зерттеулер жөніндегі канадалық кеңеске көшеді.

1922 жылдың соңына қарай дәрілік препарат дәрі нарығында пайда болады. Фредерик Бантинг  пен әріптесі Чарльз Бесттің бұл жаңалығы миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалды. 

XX ғасырдың алғашқы ұлы жеңісі ретінде Бантинг пен Маклеодтың еңбегі бағаланып, 1923 жылы Нобель  жүлдесі берілді. Алайда, Бесттің еңбегі елеусіз қалғаны жанына батқан Бантинг өзіне берілген жүлденің жартысын Бестке бөліп береді.

«Диабетпен күресте бірігейік» дегенді білдіретін көк дөңгелек диабетке қарсы күрес күнінің символына айналды. Аталмыш күн БҰҰ қолдауымен өткізіліп келеді. Ал, 14 қараша Ф.Бантингтің туған күні құрметіне белгіленген. Бұл күн жыл сайын әлемнің миллиондаған адамын және 145 диабеттік қоғамдастықты біріктіреді.

Хабарламаларға жазылу