13 қараша - Дүниежүзілік мейірімділік күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

13 қараша - Дүниежүзілік мейірімділік күні

13.11.2016
13 қараша - Дүниежүзілік мейірімділік күні

Дүниежүзілік мейірімділік күні

Бұл күнді атап өтуге бастамашысы - 2000 жылы Сингапурде ұйымдастырылған 

Дүниежүзілік мейірімділік қозғалысы (World Kindness Movement).

Дүниежүзілік сапа күні

Жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісінде атап өтіледі. Бұл мерекені енгізу ұсынысын Еуропалық сапа ұйымы енгізді, бұл идеяны Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдады. Мереке 1990 жылы бекітілді.

Зағиптардың халықаралық күні

1784 жылы Парижде соқырларға арналған әлемдегі тұңғыш интернатты ашушы, ағартушы, тифлопедагогиканың негізін қалаушы француздық Валентина Гаюидің (1745-1822) туған күніне орай атап өтіледі.  

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

46 жыл бұрын (1970) «Қыз Жібек» көркем фильмі прокатқа шықты. Сұлтан Қожықов түсірген фильм КCРО Мемлекеттік сыйлығын алды, сондай-ақ сценарий авторы Ғабит Мүсірепов, басты рөлдерді сомдаған Асанәлі Әшімов, Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова үздік актерлер ретінде дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.

23 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы жарық көрді.

9 жыл бұрын (2007) Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Фолиант» баспасынан шыққан «Бабалар сөзі» қазақ фольклоры көп томдығының алғашқы кітаптары таныстырылды.
 

ЕСІМДЕР

76 жыл бұрын (1940) әнші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қор басқармасының мүшесі, Орталық Азия Халық академиясының академигі, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры Ескендір Өтегенұлы ХАСАНҒАЛИЕВ дүниеге келді.

61 жыл бұрын (1955-2002) Халықаралық дәрежедегі хоккейден спорт шебері, Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы  Борис Викторович АЛЕКСАНДРОВ дүниеге келді.

271 жыл  бұрын (1745-1822)  француз педагогы, зағип жандарға арналған әліпбидің авторы Валентин ГАЮИ дүниеге келді.

166 жыл бұрын (1850) шотланд жазушысы және ақын, «Қазына аралы» кітабының авторы Роберт Льюис СТИВЕНСОН дүниеге келді.

61 жыл бұрын (1955) американдық театр және кино әртісі, тележүргізуші Вупи ГОЛДБЕРГ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу