Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 30 пайызға артты
Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны 30 пайызға артты. Бір аптада 32 мыңнан аса адамнан індет анықталған. Мамандардың айтуынша, елде коронавирустың мутацияға ұшыраған түрлері кең тарауда. Сонымен қатар алты күнде 700 мың тұрғын тұмау жұқтырған. 73 өңірде эпидахуал нашарлап, ауруханалар жұмысын жандандырды. Жаңа штаммдар өте жұқпалы, ал басты белгілері - әлсіздік, жөтел, тамақ пен бұлшық ет ауырып, иіс сезбейді. Әзірге карантин жариялау жоспарда жоқ, алайда жасы егде адамдар, созылмалы ауруы барларға вакцинация міндеттелуі мүмкін.
Геннадий Онищенко, дәрігер:
KP.3 және LB.1 вирустарына қарсы ағзада иммунитет қалыптаспаған. Сондықтан жұқтыру көрсеткіші жоғары. Алайда осыған дейін екпе алғандар бұл ауруды жеңіл өткізеді. Жазғы демалыстан соң вирус жұқтырғандар бірнеше есе артып отыр. Сондықтан бар вакцинаны қолданған жөн.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨлім жазасы қылмыстың азаюына әсер ете ме?
19.10.2025, 20:01
Ішімдікті арнайы дүкенде ғана сату маскүнемдікті азайта ала ма?
19.10.2025, 20:00
Қызылорда қаласының астана болғанына - 100 жыл
19.10.2025, 20:00
АҚШ-та миллиондаған адам жаппай наразылыққа шықты
19.10.2025, 19:58
Парламенттік реформа: Не өзгереді?
19.10.2025, 19:55
Ипотека: Қандай өзгеріс болады?
19.10.2025, 19:53
Экономикаға түзету енгізіледі: Үкімет қандай шаралар қабылдауды ұсынды?
19.10.2025, 19:49
Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
18.10.2025, 17:16