Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша Қызылордада жария талқылау өтті. Оған жергілікті ғалымдар, қоғамдық кеңес мүшелері, белсенді азаматтар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Ауқымды жобаның қандай пайдасы мен артықшылығы бар сала мамандары бірінші соған тоқталды. Бүгінде әлемнің 32 мемлекеті электр қуатын атом станциялары арқылы өндіреді. Яғни дамыған елдер мұны тоқ көзін алудың ең тиімді тәсіліне балап отыр. Сондай-ақ Қазақстан уран өндірісі бойынша жаһанда көшбасшы мемлекет. Шикізат қоры жеткілікті. Жиын барысында көпті толғандырған мәселе атом электр станциясының қауіпсіздігі болды. Осы саладағы озық тәжірибелерге сүйенген мамандар мұндай стратегиялық нысан қазіргі заманның ең соңғы технологиясымен салынып, қоршаған ортаға зияны тимейді деп сендіріп отыр.
Нұрбол Аппазов, химия ғылымдарының кандидаты:
Атом электр станциясына біз бұрылуымыз ол уақыт талабы. Сол себепті, бүкіл қазіргі заман талабына сай сәйкес қауіпсіздік ережелерін сақтайтын болатын болса, ол біріншіден тұрақты электр көзімен. Екінші экология мәселесі қоршаған ортаға кері әсері болмайды. Заманауи жоғары технологиялық мамандарды даярлауға өзінің үлкен үлесі болады. Сол себепті мен өзім АЭС салуды қолдаймын.
Әділбек Серікұлы